Референдум: Түркістан облысының мақташылары дауыс берді

Референдум: Түркістан облысының мақташылары дауыс берді

Мақтааралдық шаруалар мен мақташылар бүгінгі тарихи сәтке бейжай қарамай АЭС салуға қатысты өз таңдауларын жасады. Қазіргі таңда мақта алқаптарында 2 мыңға жуық адам жұмыс істеуде. Жалпы аудан бойынша 62 референдум учаскесі таңертеңнен бастап сайлаушылар үшін ашық тұр. Ауданда 69 940 референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тіркелген, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі. 

Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар азаматтарға жағдай жасау үшін 61 сайлау учаскелері арнайы кабиналармен, тактилдік көрсеткіштермен, арнайы бұрыштармен, мониторлы компьютермен, құлақаспаптармен, ұлғайтқыштармен, тұтқалармен және пандустармен толық жабдықталған. Сонымен бірге, 11 сурдо-тифло аудармашы, 3 инватакси, 4 әлеуметтік таксимен қызмет көрсетуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың импортты алмастыру және отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге...

Шымкент қаласында соңғы жылдары тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытындағы...