Референдумда ең дұрыс шешім қабылданады

Референдумда ең дұрыс шешім қабылданады

«Қазақстанның Республикалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігі филиалы, Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төраайымы Баян Жандосова бүгін Адияров көшесіндегі №180 учаскеге референдумға қатысу және таңдау жасау үшін келді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

—Әйелдер Қазақстанда әрқашан халықтың ең белсенді бөлігі болды. Аналар, әжелер, кәсіпкер әйелдер ел дамуына өз үлесін қосты. Біз еліміздің әл-ауқаты мен дамуы әр азаматтың тікелей байланысты екенін жақсы түсініп отырмыз. Өйткені, Қазақстан Үкіметі осындай жауапты мәселе бойынша шешім қабылдау барлық қазақстандықтардың пікірі ескерілу тиіс деп референдум өткізіпжатыр. Үкімет пен біздің Президентіміз біздің әлеуметтік жауапкершілігімізге, белсенді азаматтық ұстанымымызға сенеді, олар Қазақстан халқына сенеді, біз бәріміз бірге Қазақстанның экономикалық өрлеуіне, өркендеуі мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бастайтын дұрыс таңдау жасайтынымызға сенімдіміз, — деді Б.Жандосова.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың импортты алмастыру және отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге...

Шымкент қаласында соңғы жылдары тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытындағы...