Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Мұрат Нұртілеу өзі қатысқан Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 79-сессиясының жұмысы, сондай-ақ Болашақ саммитінің қорытындысы жөнінде баяндады.

Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, шет мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшыларымен және халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен келіссөз жүргізгенін айтты.

Кездесуде Қазақстан Президентінің қатысуымен алдағы уақытта өтетін халықаралық іс-шаралардың кестесі қарастырылды.

Мемлекет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ведомство қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...

Премьер-министр Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына...