ШЫМКЕНТТІҢ КІРЕ БЕРІС ҚАҚПАСЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

ШЫМКЕНТТІҢ КІРЕ БЕРІС ҚАҚПАСЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛДІ

Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері қала еріктілерімен бірге Шымкенттің кіре беріс қақпасына сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Қаламыздың символдарының біріне айналған «Кілттің» айналасындағы шөп орылып, қураған бұталар қырқылды. Аумақта сыпыру, қоқыс шығару жұмыстары атқарылды.

Сондай-ақ, аяқжолды жауып қалған тастар арнайы техника көмегімен қауіпсіз жерге сүрілді.
Қала қонақтары еркін жүріп серуендеуі үшін аяқжолдар жуылып, орындықтар орнатылды.

Аталған тазалық жұмыстарын жүргізуге Әл-Фараби ауданының 30 қызметкері, Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің еріктілері, «Build stroi» ЖШС-ы, «Назар» ЖШС-ы, «Айдынбек» ЖШС-ы атсалысты. Сенбілікке 160-тан аса жұмысшы, 16 арнайы техника жұмылдырылды.

«No-comment.kz”-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...