Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады

Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.

Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың импортты алмастыру және отандық дәрілік заттар өндірісінің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге...

Шымкент қаласында соңғы жылдары тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытындағы...