Тоқаев ерлер арасындағы гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлікті құттықтады

Тоқаев ерлер арасындағы гроссмейстер атанған Жансая Әбдімәлікті құттықтады

Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті FIDE Гран-приіндегі жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты.

«Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», - делінген құттықтауда.

Еске сала кетейік, Гибралтарда шахматшы әйелдер арасында Гран-придің төртінші кезеңі өтті. Гран-приге жалпы саны 12 шахматшы қатысты. Турнир 2 маусымға дейін жалғасты.

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Гран-приде жақсы нәтиже көрсетіп, ерлер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...