Түркістан облысында 1 мыңнан астам мектеп тамақтану орындарымен қамтамасыз етілген

Түркістан облысында 1 мыңнан астам мектеп тамақтану орындарымен қамтамасыз етілген

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша 1 041 мектеп, 21 интернат ұйымы және 1 425 балабақша асханамен, буфетпен қамтамасыз етілген. Осы нысандардың асханаларының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы, балаларға таратылатын тамақтардың дайындалу технологиясы, сапасы мен қауіпсіздігі нормативті-құқықтық актілерге сәйкес болуы қажет. Бұл жайында Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

«Білім беру нысандарындағы тамақтың сапасы, қауіпсіздігі, дайындалуы, жиһаздармен жабдықталуы, қызметкерлердің медициналық бақылаудан уақытылы өтуі, нысанның санитарлық-гигиеналық, техникалық жағдайын мүлтіксіз орындау - мектеп директорлары мен асханаларды жалға алып қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерлердің міндеті. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру - бұл үлкен жауапкершілік»,- деді спикер.

Сондай-ақ, Нұрбек Садықбекұлы білім беру және тәрбиелеу нысандарындағы бірыңғай ас мәзірін Түркістан облыстық білім басқармасымен бекітілетінін жеткізді. Жалпы ас мәзірі әзірленетін кезде балалардың жас санаты, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімі екендігіне мән беріледі. Сонымен қатар, мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмеуі керек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Кәсіпкер күн сайын ондаған шешім қабылдайды. Қандай өнім сатып алу, жарнамаға қанша қаражат бөлу, қызметкер алу немесе жаңа бағыт ашу сияқты...