122 миллион теңгенің алтынын ұрлаған күдіктілер ұсталды

122 миллион теңгенің алтынын ұрлаған күдіктілер ұсталды

«Қазақалтынның» екі қызметкері 122 миллион теңгенің алтынын ұрлады деген күдікке ілінді, - деп жазды Tengrinews.kz  Ақмола облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, қылмысты ашуға тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Іс бойынша 300-ге жуық адамнан жауап алынды.

«Тергеу тобының назарына Жолымбет кентінің 26 және 34 жастағы екі тұрғыны ілікті. Екеуі де «Қазақалтын» жұмысшысы. Олар қылмыс жасауды алты ай бұрын жоспарлағаны анықталды», - деді құқық қорғау органы өкілдері.

Күдіктілер кінәсін мойындаған. Заттай дәлел қылмысқа қатысушылардың бірінің туысының пәтерінен табылды. Зауыттан ұрланған алтын катоды сол көлемінде тәркіленген.

Алтын катоды 2 наурызға қараған түні Жолымбет кентіндегі «Қазақалтын» АҚ кенішінің десорбция сақтау камерасынан ұрланған. Шығын 122 миллион теңгеге бағаланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Әлемдегі нарықтық құны ең жоғары компанияның негізін қалаушы Дженсен Хуанг пен Премьер-Министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму...