350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды

350 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды

Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуға ниет білдірді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген.

2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті – 219 мыңнан астам бала.

Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтілуде. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үлкен нарықтағы барлық тұтынушыға бірдей ұсыныс жасау әрдайым тиімді емес. Адамдардың табыс деңгейі, жасы, қажеттілігі, сатып алу әдеті және белгілі бір өнімге...