Елордада бір тәулікте 100 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордада бір тәулікте 100 мың текше метрден астам қар шығарылды

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте екі ауысымда жұмыс істеуде. Бүгін елордада қар күреу жұмыстарына екі мыңға жуық жол жұмысшы шықты, 1 500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бір күн бұрын елордада жауған қар мөлшері айлық нормадан асып кеткен.

Нұр-Сұлтан қаласында қар күреу жұмыстарын жүргізу кешкі және түнгі уақытта, екі ауысымда қарқынды жүргізіледі.

24 наурыздан 25-іне қараған түні қаладан 54 мың текше метрден астам, тәулігіне 111 мың текше метрден аса қар шығарылды. Қарды күреуге 1200-ден астам арнайы техника мен 200-ден астам жол жұмысшы шықты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда қар күреу жұмыстарына 2000-ға жуық жол жұмысшы мен 1500-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...