КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚУАТ АЛАТЫН 68 ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛДЫ

КҮН СӘУЛЕСІНЕН ҚУАТ АЛАТЫН 68 ҚҰРЫЛҒЫ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысы Созақ ауданында былтыр мемлекеттік «Инвест» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шалғайдағы малшыларға қолдау көрсету мақсатында 585 млн. теңгеге 43 артезиан құдығы қазылған болатын. Аталған жайылымдарды суландыру мақсатында орнатылған құдықтарға 320 млн. теңгеден астам субсидия берілген екен. Одан бөлек, 68 шаруа қожалығына күн көзінен қуат алатын қондырғы орнатылып берілген. Мемлекет тарапынан бұл мақсатта 164 млн. теңгеден астам субсидия төленген. Жалпы, Созақ ауданында 800-ден астам агроқұрылым бар. Өйткені, аталған ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамыту негізгі мақсаттардың бірі болып отыр. Мәселен, 2018-2020 жылдары мал шаруашылығына арналған жалпы 62 артезиан құдықтары орнатылған. Биыл да шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатын 40 шаруалылыққа құдық қазылып, агроқұрылымдарға күн сәулесі арқылы қуат алатын жарықтандыру қондырғылары орнатылады. Өңірде шаруаларды қолдап, субцидиялауға бағытталған «Инвест» мемлекеттік бағдарламасына деген қызығушылық артуда.
«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...