БЕРЕКЕ БАСТАУЫ -БІРЛІКТЕ !

БЕРЕКЕ БАСТАУЫ -БІРЛІКТЕ !

Аудан тұрғындары арасында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты насихаттау мақсатында ақпараттық – насихаттық топ құрылған. Топтың құрамына аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, этномәдени бірлестіктер мүшелері кіреді. Жұмыс тобының жоспары түзіліп, жұмыс кестесі бекітілген.

Аудандағы этносаралық келісімді насихаттау бойынша үгіт-насихат жұмысын жүргізетін ақпараттық-насихаттық топ 25 ақпан күні Құркелес және Жартытөбе ауылдық округтерінде карантиндік талаптарды сақтай отырып, тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуге ауданның ішкі саясат бөлімінің бас маманы Д.Бейсенов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сарыағаш аудандық филиалының басшысы С.Кибраев, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Е.Исақов және учаскелік полиция инспекторлары, ауыл ақсақалдары, ардагерлер кеңесінің төрағалары, белсенді жастар, этнос өкілдері қатысты.

Жиын барысында еліміздің баға жетпес байлығы - қоғамдық келісім мен халықтар достығы екендігі, татулық - ел тұрақтылығының кепілі екені айтылды.

«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...