Алматыда 87 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Алматыда 87 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда

Алматыда жыл басынан бері 19 483 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 896 – тұрақты, 7 587 – уақытша, деп хабарлайды No-comment.kz тілшісі Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап.

Жалпы, жыл қорытындысы бойынша 87 025 жұмыс орнын құру жоспарлануда (68 387 – тұрақты, 18 638 – уақытша).

Қалалық мобильділік орталығына өтініштер бойынша жұмыспен 20 462 адам қамтылды: тұрақты жұмыс орындарына – 2 725 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына – 7 587 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 519 адам, жастар практикасына – 134 адам, қоғамдық жұмыстарға – 6 770 адам, күміс жасқа-122 адам.

Статистика деректері бойынша 2023 жылы жұмыс күшінің саны 1 098 мың адамды құрады, бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46 мың адамға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 1 045,5 мың адам (47,5 мың адамға өсім).

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркия, Анкара қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі...

Премьер-министр Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына...