Шымкенттік оқушы джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды

Шымкенттік оқушы джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды

Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен шымкенттік Қуандық Бектас Бекалиұлы джиу-джитсудан жастар арасында Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Абу Даби қаласында (БАӘ) Азия чемпионатында 30 мемлекет, 1100 спортшы бақ сынасты. Шымкенттік №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Бектас Қуандық көк туымызды көтеріп, Араб, Тайланд, Өзбек елінің азаматтарын жеңді.

Бектас Бекалиұлының спорт жолындағы жетістіктері

2018 жылы - 8-9жас аралғында Ju-Jitsu дан Қырғыстан Бишкек қаласында өткен Кубок Азия жарысында алтын медальға ие болды. Ушу-санда дан Республикалық Қазақстан Чемпионатында чемпионы атанды.

2019 жылы - 10-11 жас аралығында Жекпе-жектен Ақтауда өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында бас жүлдеге қол жеткізді,жәнеде Таразда өткен халқаралық турнирде алтын жүледеге қол жеткізді.

2021 жылы - 12-13жас аралығында Кикбокстан Облыстық Чемпионаты Шымкент қаласында өткен жарыста алтынға қол жеткізді.

Pankration нан Республикалық Қазақстан Чемпионатында (Алматы) қаласында өткен жарыста чемпион атанды.

2022 жылы - 12-13жас аралығында Ju-Jitsu дан (Астана) қаласында өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында бас жүлдеге қол жеткізіп,Мальгард де мар (Испания)қаласына жолдама ұтып алды, Атырау қаласында Қоян-қолтық ұрыстан өткен Республикалық Қазақстан Чемпионатында чемпион атанып, Дубай еліне жолдама ұтып алды. Сонымен қатар, 12-13жас аралығында Еркін күрестен Республикалық Қазақстан Чемпионатына жолдамасына ие болды.

14-15 жас аралығында Рукопашный бой Қазақстан Республикалысының чемпионатында чемпион атанды.

14-15 жас аралығында Жекпе-жектен және Combat Jiu-Jitsu Қазақстан Республикасының чемпионатында чемпион атанды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үлкен нарықтағы барлық тұтынушыға бірдей ұсыныс жасау әрдайым тиімді емес. Адамдардың табыс деңгейі, жасы, қажеттілігі, сатып алу әдеті және белгілі бір өнімге...