Ең жас министр депутаттан сөз естіді

Ең жас министр депутаттан сөз естіді

Мәжілістің жалпы отырысына ведомство басшысы ретінде алғаш рет қатысқан Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қазақша сұраққа орысша жауап бергені үшін депутаттан сөз естіді.

«Сіз бүгін алғаш рет Мәжіліске келіп тұрсыз. Бірақ қазақша қойылған сұрақтардың барлығына еш рұқсат сұрамастан орыс тілінде жауап беруге көштіңіз. 18 миллион адамның ішінен министр болуға жараған екенсіз, жасыңыз да тәуелсіздікпен шамалас. Бірақ өз ана тіліңізде жауап бермегеніңіз ұят деп санаймын. Сондықтан келесі отырыста қазақ тілінде, ана тілінде қойылған сұраққа сол тілде жауап беріңіз», - деді Берік Дүйсенбинов.

Еске салайық, 18 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық экономика министрі болып 34 жастағы Әсет Ерғалиев тағайындалған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...