ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ VII БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ VII БАЙҚАУЫ ӨТТІ
М.Әуезов атындағы ОҚУ-да Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің және металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығы мен, 12 сәуір күні – «Ғылым күніне» арналған жас өспірімдердің ғылыми зерттеу мен шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Шымкент қаласы және Түркістан облысының жалпы орта білім беру мекемелерінің 8-11 сынып және кәсіптік білім (колледж) І-ІІ курс білім алушылары арасында ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалардың VII байқауы болып өтті, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Байқауға филология ғылымдарының докторы, «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» ғылыми-зерттеу институтының директоры Боранбаев Сандыбай Режепұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚК, «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті Карибаев Сәрсебай Өскенұлы сынды ғалымдар жетекшілік жасады.
Сондай-ақ байқау төмендегідей секцияларды қамтыды:
гуманитарлық ғылымдар бағытындағы секциялар: Қазақстан тарихы; жалпы тарих; саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау; археология; гуманитарлық ғылымдар бағытындағы секциялар: өлкетану; этнология; түркітану; мұрағат ісі; музей ісі; кітапхана ісі; мәдениеттану; құқықтану; халықаралық қатынастар; әлеуметтану; гуманитарлық ғылымдар бағытындағы секциялар: география және экономика; филология ғылымдар бағытындағы секциялар: тіл білімі және әдебиет (қазақ, тілі); филология ғылымдар бағытындағы секциялар: тіл білімі және әдебиет (орыс тілі); филология ғылымдар бағытындағы секциялар: тіл білімі және әдебиет (ағылшын тілі); педагогика және шығармашылық ғылымдар бағытындағы секциялар: педагогика, психология, өнер: (музыка; хореография, театр); бейнелеу өнері және дизайн, кәсіптік оқыту, дене шынықтыру және спорт (ұлттық спорт түрлері).
Байқауда 76 үміткер бақ сынады. Қатысушылар жүлделі орындармен және ынталандыру сыйлақтармен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі...

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды...