Испания тарихындағы ең суық күн тіркелді

Испания тарихындағы ең суық күн тіркелді

Испания тарихындағы ең суық күн тіркелді. Бұл туралы LADbible жазды, - деп хабарлады Tengrinews LADbible-ге сілтеме жасап.

Ең төменгі температура -35,8 °C Леонның солтүстік-батысында 1874 метр биіктікте орналасқан Вега-де-Лиордес метеостанциясында тіркелді. Бұл көрсеткішті 
AEMET Ұлттық метеорологиялық агенттігі растаса, жаңа рекорд орнайды деген болжам бар. 

Осы уақытқа дейін Испаниядағы ең суық температураның ресми рекорды -32 °C болған, ол 1956 жылы тіркелген.

Синоптиктердің болжамынша, Испанияға "Филомена" дауылы келген, салдарынан кем дегенде 200 жолда қозғалыс бұзылып, қоғамдық көліктер тоқтатылған, рейстер де кейінге қалдырылған. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...