ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 200 ТОННАҒА ЖУЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ

ШЫМКЕНТТІКТЕР СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ 200 ТОННАҒА ЖУЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖИНАДЫ
Шымкент қаласында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинап, жөнелту жалғасуда. Екі қабылдау пункті Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының және қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимараттарында ұйымдастырылған.
Екі пунктке 199,4 тонна гуманитарлық көмек жиналған, оның ішінде негізінен азық-түлік, ауыз су және бірінші қажеттіліктегі заттар, сонымен қатар үрлемелі қайықтар, су сорғыштар, резеңке етіктер, құтқару кеудешелері, фонарлар, күректер, қолғаптар мен шлангтер бар.
Күні кеше қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы ашқан бекеттен тағы 33 тонна гуманитарлық жүк көлікке тиеліп, Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтілді. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» жобасы аясында Шымкенттен жіберілген төртінші жүк.
Бұған дейінгі үш рейсте Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Сондай-ақ Шымкенттен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол арқылы 200 техника жөнелтілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі...

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды...