ШЫМКЕНТТЕ 54 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

ШЫМКЕНТТЕ 54 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкент қаласында табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз-қызметі.
2023 жылы 9 нысанның (Қайнарбұлақ 1,2 кезек, Ынтымақ-2, Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас) құрылыс жұмыстарына 5,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды (Тұран, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га, Нұртас).
Нәтижесінде, 49 мыңға жуық адам табиғи газ жүйесіне қосылуға мүмкіндік алып, қамту деңгейі 94%-дан 96%-ға өсті.
Сонымен қатар, 2024 жылы 7 нысанның (Қайнарбұлақ 1,2 кезек, Ынтымақ-2, Тассай, Қаратөбе, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қайтпас-1) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 7,0 млрд.теңге жаспарланды. Құрылыс жұмыстары сәуір айынан басталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Әміре Қашаубаев атындағы республикалық дәстүрлі ән орындаушылар байқауы қорытындыланды. Үш күн бойы еліміздің әр өңірінен келген жас өнерпаздар...