ШЫМКЕНТТЕН АТЫРАУҒА КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ШЫМКЕНТТЕН АТЫРАУҒА КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ
Шаһардағы “Достық” үйінен еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Атырау өңіріне гуманитарлық көмек жолға шықты.
Шымкент қалалық ҚХА, этномәдени бірлестік мүшелері, кәсіпкерлер екі күннің ішінде қаланың екі бұрышынан арнайы бекет ашып, 20 тоннаға жуық көмек жинады. Атап айтқанда, азық-түлік өнімдері, киім-кешек, тұрмыстық химия, гигиеналық заттар, жалпы соммасы 10 млн. теңгеден асатын гуманитарлық көмек ұйымдастырылды.
- Еліміздегі жағдайға байланысты қалалық ҚХА жанынан арнайы штаб жұмыс істеп жатыр. Гуманитарлық көмекке қаладағы барлық этномәдени бірлестіктер атсалысты. Бүгін Мемлекет басшысы да жағдайға байланысты Үндеуін жариялады. Біздің күшіміз - бірлікте! Қиындықты баршамыз бірлесе еңсереміз, - деді Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Тахирбек Нышанбаев.
Айта кетсек, көмек керуені сағат 16:30-да Атырау облысына аттанып кетті.
Қазіргі таңда қаладағы этнос өкілдері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында ашылған банктік есеп-шотқа қаржы аудару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі...

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды...