СТУДЕНТТЕР ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

СТУДЕНТТЕР ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Жастар арасында ұлтаралық татулық пен жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Авиценна жоғары медициналық колледжінде кездесу өтті.
Шараға Шымкент қаласы «Айқап» мешітінің имамы Ахметжанұлы Қыдырәлі, Шымкент қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Әбдікәрім Нұржан және студенттер қатысты.
Кездесу барысында «Жастар арасында ұлтаралық татулық», «Жастардың діни танымына әлеуметтік желілердің әсері» мен «Теріс бағыттағы діни ағымдардың ықпалы» тақырыптарында сөз қозғалып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара соңында студенттер өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, біршама ұсыныстарын ортаға салды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Көлік министрлігі...

Абай ауданында археологтар бір ғана қорғаннан бірнеше ғасырлармен бөлінген екі тарихи кезеңге тиесілі жерлеу орындарын анықтады. Көне дәуірдің құнды...