ШЫМКЕНТТІК КӨРЕРМЕНДЕР «МҰРЫНДЫ ЕРГЕЖЕЙЛІ» ЕРТЕГІСІН ТАМАШАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТІК КӨРЕРМЕНДЕР «МҰРЫНДЫ ЕРГЕЖЕЙЛІ» ЕРТЕГІСІН ТАМАШАЛАДЫ
«Театр көктемі - 2024» І қалалық кәсіби театрлар фестивалінің аясында неміс жазушысы Вильгельм Гауффтың «Мұрынды ергежейлі» («Карлик Нос») – ертегісі сахналанды.
 
Қоюшы режиссері Өзбекстан Республикасының еңбегі сіңген әртісі Ш.Юсупов.
 
«Мұрынды ергежейлі» - ертегісі неміс жазушысы Вильгельм Гауффтың ең танымал шығармаларының бірі. Ертегінің мәні - сыртқы тартымдылықтан гөрі жан сұлулығы әрқашан маңызды екенін көрсетеді.
 
Ал, мазмұны бойынша зұлым сиқыршы баланы ұсқынсыз ергежейліге айналдырады. Бала қазға айналған қызды кездестіреді. Екеуі таңғажайып оқиғалардан соң, қарғысты алып тастап, әдемі қыз бен жігітке айналады.
 
Қалалық және жасөспірімдер театрында сахналанған бұл қойылым тек кішкентай оқырмандарға ғана емес, олардың ата-аналарына да қызықты болды. Көрермендер жақсылық әрқашан зұлымдықты жеңетініне көз жеткізсе, тамаша қойылым да көрермендерге ертегідей сезім сыйлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В Карагандинской области подвели итоги регионального этапа национального конкурса «Мерейлі отбасы – 2026». В этом году участие в отборочных турах приняли...