Алматы әкімі Ерболат Досаев Сурдлимпиада жеңімпаздарына баспана сертификатын табыс етті

Алматы әкімі Ерболат Досаев Сурдлимпиада жеңімпаздарына баспана сертификатын табыс етті

Алматы әкімі Ерболат Досаев 24-ші Сурдолимпиада жүлдегерлерін марапаттады.

Грек-рим және еркін күрестен бірінші орын алған Хайратхаан Шонкуға қала әкімінің атынан үш бөлмелі пәтер сертификаты табысталды. Грек-рим күресі бойынша Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері Тәжиев Асылжан 2 бөлмелі пәтерге ие болды. Дзюдодан күміс, командалық есепте қола жүлдегер атанған Нұрмұхаммед Әлдібекке 2 бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды. Дзюдодан құрама сапында және командалық жарыста қола жүлдегер атанған Әсел Мақсұтова, Шаяхмет Қанапиянов, Ермек Жәнібекұлы, Асхат Адамбаевқа 1 бөлмелі пәтердің сертификаты табыс етілді. Жеңіл атлетикадан Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегері Рауан Бейсебайға 1 бөлмелі пәтер сертификаты берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 1-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул қаласында (Бразилия) XXIV Сурдлимпиада ойындары өтіп, оған 73 елден 2500 спортшы қатысты. Медальдық есепте Қазақстан 11 медаль жеңіп алып, 13-ші орынға тұрақтады. Оның ішінде: 2 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде. Қазақстан құрама командасында 57 спортшы бар, оның 12-сі Алматы қаласы спорт басқармасының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубының спортшылары, олар спорттың 5 түрінен (дзюдо, грек-рим және еркін күрес, жүзу, жеңіл атлетика) сынға түсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жол саласын қаржыландыру және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту мәселесі туралы дөңгелек үстелде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Halyk Bank, ЦентрКредит Банкі және...

Қазақстан Республикасының су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес, республикалық меншіктегі 168 гидротехникалық...