Камуфляж кисеңіз айыппұл төлейсіз

Камуфляж кисеңіз айыппұл төлейсіз

Атырауда әскери полиция қызметкерлері камуфляж формамен жүрген адамдарға оны киюге тыйым салынатынын түсіндіріп жүр, деп хабарлады 24.kz.

Телеарнаның айтуынша, әзірге шаралар тек ескертумен шектелген, алайда, алдағы уақытта қатаң жаза қолданылуы да мүмкін.

«Тұрғындар арасында әскери форма танымал. Олар оны көбіне арнайы киім немесе жұмыс киімі ретінде пайдаланады. Ал камуфляждағы адамдар қылмыс жасаса, қоғам оны әскери қызметші деп қабылдайды. Бұл қарулы күштер мен әскери қызметшілердің беделіне нұқсан келтіреді» деп атап өтті әскери полиция қызметкері Бақтияр Дәуренқұлов.

Айта кетейік, Атырауда түсіндіру науқаны басталғалы бері 28 ескерту жасалған. Ескерту қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға 14 мың теңге, заңды тұлғаларға 70 мың теңге айыппұл салынады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...