Алматыда жас мемлекеттік қызметкерлер сенбілік өткізді

Алматыда жас мемлекеттік қызметкерлер сенбілік өткізді

Алматыда жас мемлекеттік қызметкерлер сенбілік өткізді. Тазалық жұмыстары «денсаулық жолағы» аталып кеткен «Тереңқұр» жаяу жүргінші алаңында жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv арнасы.

Іс-шараны биыл Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қалалық департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы ұйымдастырды. Мемлекеттік басқару академиясымен және Медеу аудандық әкімдігімен бірлесіп өткізілген сенбілікке 30-дан аса волонтер жиналды.

Айта кетейік, Алматы бойынша 3600-ден астам мемлекеттік қызметкер бар.

 

– Еріктілер кеңесі жас мемлекеттік қызметкерлерден құралған. Олар халыққа, қала тұрғындарына көмек көрсетеді, қан тапсыру, көше тазалау сынды іс-шараларды ұйымдастырады. Тегін. Мақсаты – халықпен байланысты жақсарту, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қалалық департаментінің басқарма басшысы Нұржан Узбеханов.

– Сенбілікке әр тоқсанда 1 рет шығамыз. Қаламызда әбір мекеме, ұйым ауласын таза ұстап, жиі-жиі сенбілікке шығуы керек деп ойлаймын, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қалалық департаменті басқармасының бас маманы Жұпархан Азбаева.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесі түйіткілді болып тұр. Соңғы үш жылдағы көрсеткіштер...

Мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне мемлекеттік сапары аясында жасанды интеллектіні, ғылымды, цифрлық инфрақұрылымды және ғарыштық...