Экс-министр қамауға алынды

Экс-министр қамауға алынды

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Е.А. Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды», - делінген ақпаратта. 

Еске сала кетейік, 5 тамызда бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің де екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...