А. Көлгінов: «Жыл соңына дейін бірнеше әлеуметтік тұрғын үй салынады»

А. Көлгінов: «Жыл соңына дейін бірнеше әлеуметтік тұрғын үй салынады»

Елордада жыл соңына дейін бірнеше әлеуметтік тұрғын үй салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Жыл соңына дейін бірқатар қолжетімді әлеуметтік тұрғын үй саламыз. Қаланы аралау барысында жеңілдікпен берілетін үйлердің құрылыс барысымен таныстым. Көппәтерлі тұрғын үй кешендері қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан», - деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов. 

Мәселен, Рыскелді қажы (Сарыарқа ауданы) мешіті жанында орналасқан тұрғын үй жыл соңына дейін тапсырылады. Бұл жерден кезекте тұрған, халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын 530 адам пәтер алады. Сонымен қатар Алматы ауданы (метроға жақын) мен Жағалау ауданындағы 2 мыңнан астам пәтер кезекте тұрғандарға, тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, Шаңырақ «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының қатысушыларына беріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...