Екібастұзда инкассатор көлігі өртеніп кетті

Екібастұзда инкассатор көлігі өртеніп кетті

Екібастұзда инкассатор көлігі өртеніп кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Өрт сөндірушілер келгенше көліктің моторы мен салоны тұтастай жанып кетті. Оқиға орнына күзетшілер екінші қызметтік көлікті шақыртып, соған ақшаны дереу тиеп үлгерді. Арнаулы көлік «Халық банкке» тиесілі. Бірақ олар бұған қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Шығын көлемі белгісіз.

«Өрт орнына бір жедел жәрдем және 6 қызметкер жіберілді. Жарақат алғандар жоқ» деді Павлодар облыстық ТЖД басқарма бастығы Асқарбек Омаров.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...