Шымкентте автобус балалы ананы қағып кетті

Шымкентте автобус балалы ананы қағып кетті

Шымкентте жаяу жүргіншілер жолағында  автобус бала мен жас ананы қағып кетті. Бір жастан асқан бала мен оның анасы шұғыл ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  «Астана» телеарнасы.

Оқиға орнында жұмыс істеген полиция тиісті сараптама тағайындалғанын мәлімдеді. Автобус тізгінінде болған жүргізуші заңға сәйкес жауапқа тартылмақ. 

«Жүргізуші жаяу жүргіншіні көрмей қалғанын айтты. Бұл жол көлік оқиғасы бойынша ҚР әкімшілік құқық бұзушылық тармағының  610 бабының 2 бөлігі бойынша хаттама түзілді. Бұл бап бойынша 9 ай автокөлік жүргізу құқығынан айрылып, немесе 40 АЕК айыппұл салынады», - деді Шымкент қаласы ПД жергілікту полиция қызметі басқармасының инспекторы Ғалымжан Ержігітов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...