«Ұшақтан у шашып жатыр»: Маңғыстау облысында видеоға қатысты түсінік берілді

«Ұшақтан у шашып жатыр»: Маңғыстау облысында видеоға қатысты түсінік берілді

Әлеуметтік желіде белгісіз әйелдің «Ақтау қаласында ұшақтан у шашып жатыр» деп айтқан видеосы тарап жатыр. Осы видеоға қатысты Ақтау Халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов түсінік берді, деп хабарлады Azattyq Rýhy

«Бұл – ұшақтың қозғалтқышынан шыққан конденсат. Ол жерге түспейді. Ұшақ ұшатын биіктіктегі ауа температурасы – 60 градус. Ұшақтан шыққан ыстық ауа салқын ауамен араласып, қатып қалады. Бірақ 4-5 минут өткеннен кейін ауада шашырап кетеді», - деді Ерғазы Жолдасов.

Оның айтуынша, конденсаттың түсі күн сәулесі қалай түстетініне байланысты өзгеріп отырады: күн шыққанда және батқанда қызыл түс береді, ал күндіз ақ болып көрінеді; қараңғы уақытта көгілдір болады.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...