«STOP BULLYING» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«STOP BULLYING» ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «№3 Қиын жағдайдағы балаларды биімдеу орталығы» жастарының қатысуымен «Stop bullying» тақырыбында психология мамандардың қатысуымен тренинг ұйымдастырылды.
Бұндай іс-шаралардың мақсаты - жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың алдын алу және дұрыс психологиялық ахуал қалыптастыру.
Кездесу барысында жастарға ең алдымен «буллинг» жайлы толыққанды мағлұматтар айттылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары ары қарай түрлі ойындарымен жалғасын тапты.
Сонымен қатар, зорлық-зомбылық құрбанына тек консультация берумен шектелмей, толық қолдау көрсетіліп, қамтамасыз етілуі керек.
Жалпы заңда зорлық-зомбылықтың төрт түрі көрсетіледі. Олар: Психологиялық, экономикалық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық. Осының ішіне ең көп кездесетіні – психологиялық зорлық-зомбылық болып табылады. Психологиялық зорлық-зомбылққа әйел адамдар көп ұшырайды. Өйткені бұл жерде денеге нақты жарақат келіп жатқан жоқ, еш жері ауырып жатқан жоқ, зақымданған жоқ. Олар ішінде сақтап, үндемей жұтып жүре береді. Психологиялықтың арты жаман. Олар артынан өздеріне қол жұмсаулары мүмкін. Екінші түрі – экономикалық зорлық-зомбылық. Бірақ адамдар оның экономикалық екенін білмей жүре береді. Әйел адамға үйленгеннен кейін күйеуі оқымайсың, үйде отырасың деп шектеу қояды. Кейбіреулері жұмыс істеп жүрсе, жұмысына шектеу қояды. Өз қаражатын өзіне жаратып тұрса, оған да тиым салатын жағдайлар орын алып жатады.Бұлардың барлығы экономикалық зорлық-зомбылыққа жатады. Үшіншісі түрі – физикалық зорлық-зомбылық. Ол өте кең тараған. Кез келген адамның көзінің көгеріп тұрғанын немесе бетінде дақтар бар екенін, аяғы-қолы немесе қабырғасы сынса, бұл физикалық зорлық-зомбылық. Мұндай жағдайда міндетті түрде «103»-ке хабарласыңыз. Жедел-жәрдем қызметкерлері мұндай жағдай болғанда міндетті түрде бізге тікелей хабарласады. Біз барып, жағдайдың анық-қанығына жеткеннен кейін материалды сотқа жіберіп жатады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...