КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСЫ

КЕЗЕКТІ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСЫ

Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалы жанынан құрылған мониторингтік жұмысшы топ аудан аумағында орналасқан жанармай бекеттерінде болып, жанармай (газ, дизель) бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Зерделеу жұмыстары барысында табиғи отынның жеткіліктілігі мен бағаның негізсіз көтерілмеуіне назар аударылды.
Алдағы уақытта да Шымкент қаласында жанармай бекеттеріне мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №140 «Бағаны мемлекеттік реттеу бойынша мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» Бұйрығына сәйкес стационарлық жанармай құю станциялары арқылы мұнай өнімдерін, атап айтқанда АИ-80 маркалы бензиннің литрі 89 теңге, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин литрі 205 теңге, дизель отыны жазғы және маусымаралық кезеңдерде литрі 450 теңге, егер Қазақстан Республикасы жүргізуші куәлігін көрсеткен жағдайда 100 литрге дейінгі мөлшерде литріне 295 теңге, Қазақстан Республикасы жүк көліктері мен мамандандырылған жеңіл автокөліктерге және автобустарға жүргізуші куәлігі мен қөліктің тіркеу куәлігін көрсеткен жағдайда литріне 295 теңге болып бекітілген болатын.
Еске салар болсақ, алдыңғы жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытына барған болатын. Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті Ерболат Қожабаев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады.
Бүгінде зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна мұнай өңдей алатын деңгейге жетіп, К-4, К-5 экологиялық санатындағы жанар-жағармай өндіре бастаған.
Бұдан кейін зауыт жұмысшыларымен әңгімелескен Президент өндіріс орнының стратегиялық маңызына тоқталды.
– Қазір зауыт ішкі нарықтың 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Өнімнің сапасы да жақсарды. Бұл – өте ауқымды жұмыс. Осының бәрі сіздердің, яғни жұмысшылардың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болып отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңғы үш жылда зауыттың бензин өндірісі 2,1 миллион тоннаға, авиакеросин өндірісі 340 мың тоннаға, дизель отыны 1,9 миллион тоннаға дейін артқан. Өнім толықтай ішкі нарыққа өткізіледі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...