ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

«Арбат» алаңында жұмыссыз азаматтарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшы орынбасары Ерлан Айтбаев қатысты. Жәрмеңкеде Шым шаһардағы 100-ге жуық жұмыс беруші мекемелер және өзге жеті өңірдің өкілдері қатысып, 5000-нан аса жуық медициналық, техникалық және педагогикалық мамандықтары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылды. Атап айтқанда, «Арт-құрылыс», «Каз Транс Аймақ», «Halyk Bank» АҚ, «Евразия банк», «Magnum Cash Carry», «Назар Текстиль», «Bal Текстиль» ЖШС, қалалық аурухана, перзентхана, жекеменшік медицина орталықтары және т.б қаладағы арнаулы экономикалық аймақтағы кәсіпорындар мен мектеп, бала-бақшалар бар.
– Әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында елімізде көптеген бағдарламалар іске асырылуда. Кез келген мемлекеттің әлеуетін көрсететін, бәсекеге қабілеттілігін танытатын негізгі көрсеткіштердің бірі – сол елдегі әлеуметтік жағынан, сонымен бірге жұмыспен қамтылған халықтың үлесі. Бүгінгі қала тұрғындарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі жұмыс іздеп жүрген азаматтардың санын азайтып, жұмыссыздарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін бірден-бір мүмкіндік, — деді өз сөзінде Балмаржан Полатбекқызы.
Шара барысында қала тұрғындарына, халықтың осал топтарына да 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберіндегі «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім-шарты» және басқа да уақытша жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, Солтүстік өңірлерге қоныс аудару бойынша әр өңірдің өкілдері қала азаматтарын ақпараттандырды. Жалпы, жыл басынан бері Ұлттық жоба шеңберінде 7 мыңнан астам шымкенттіктер жұмыспен қамту шараларына қатысқан. Оның ішінде жұмыспен қамтылған жастардың қатарында 991-і жастар практикасымен, ал 160-ы алғашқы жұмыс орны жобасына қатысып, 100-ден аса азамат әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...