Қырғызстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Қырғызстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Бостандыққа шыққан оппозиционер Садыр Жапаров Қырғызстанның премьер-министрі болды. Ол алдағы жағдай үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  РИА Новостиға сілтеме жасап.

Қырғызстан парламенті Жапаров бастаған министрлер кабинетінің жаңа құрамын бекітті. Жапаров барлық саясаткерді Қырғызстандағы жағдай үшін халықтан кешірім сұрауға шақырды және Президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кетуге дайын екенін айтты.

«Үкіметтің құрамы мен құрылымы өзгермейді. Әзірге мен министрлер кабинетінің бүгінгі құрамымен жұмыс істеуге дайынмын. Бірақ болашақта өзгерістер болады, жас кадрлар міндетті түрде келеді», - деді жаңа премьер.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Голосование на выборах депутатов Курултая Республики Казахстан прошло организованно, спокойно и открыто. По информации, поступившей из регионов...

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауындағы дауыс беру ұйымдасқан, тыныш әрі ашық жағдайда өтті. Ел өңірлерінен келіп түскен...