ШЫМКЕНТ: «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ

ШЫМКЕНТ: «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ

Бүгінде Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Қамқорлық” №8 балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәжірибесі өзге өңірлерге үлгі болып отыр. Оңалту орталығына арнайы іссапармен Павлодар және Жамбыл облыстарының әлеуметтік сала басшылары келді.
Орталық психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. «Қазақстан халқына» қоры мен «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен орталыққа жалпы құны ғимаратты толық жабдықтау үшін 280 млн.теңге инвестиция жұмсалып, қажетті жабдықтар Финляндия, Жапония, Австрия мемлекеттерінен жеткізілген. Қосымша 164, 6 млн.теңге бөлініп, мамандар арнайы оқытылған.
Павлодар, Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары басшыларының орынбасарлары мен оңалту орталығының өкілдері сапар барысында шымкенттік әріптестерінің жұмыс тәжірибесімен танысты. Алдағы уақытта «Қамқорлық» орталығының емдік оңалту шаралары мен әдістемелерін өз өңірлерінде жүзеге асыруды көздеп отыр.
110 орындық мекеме жартылай стационарлық негізде қызмет көрсетеді. Заманауи үлгіде жабдықталған орталық қосымша білім беру және әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, интерактивті, сенсорлық бөлме, робототехника лего кабинеті, музыка-терапия, арт-терапия бөлмелері мен тігін, ағаш, қыш шеберханаларымен қамтамасыз етілген.
Балалар арнайы педагог мамандарының бақылауында болып, медициналық тексеруден өтеді. Артикуляциялық аппаратында бұзылыстары бар балаларға логомассаж тағайындалды. Қызмет алушылармен сондай-ақ аптасына 2 күннен жеке жұмыс жүргізіледі. Білікті мамандар сөйлеу тілінің жалпы дамуында бұзылыстары бар балалармен түзету-дамыту шараларын жүргізеді.
Бүгінгі таңда 18 педагог «АВА – терапевтерді даярлау» курсынан, 36 педагог қызметкер «АВА – терапияға кіріспе» курсынан өтіп, сертификатпен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...