ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНЕН ТЕМІРЖОЛҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛДЫҢ БІР БӨЛІГІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНЕН ТЕМІРЖОЛҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛДЫҢ БІР БӨЛІГІ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АШЫЛАДЫ

Қаланың оңтүстік бағытындағы жалғыз кірме-шығыс жолына жүктемені азайту мақсатында 15,5 шақырымдық Қонаев даңғылының жалғасы салынуда. Нысан 6 кезеңнен тұрады.
Қазіргі таңда Еңбекші ауданы шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны – 89-ды құрап отыр. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағындағы 2022 жылы 121 көшесі жарықтандырылған болатын. Ал биыл 28 көше жарықтандырылады деп күтілуде.
Сонымен биыл жарық шамдар орнатылатын көшелер тізімі төмендегідей:
1.Озған Ата көшесі /Кеңсай-2 көшесі;
2.Мойынқұм көшесі;
3.Юсупов көшесі;
4.Ұйғын-Қошалы ата көшесі (Испиджаб тұрғын алабы);
5.Айдын /Тәңір құт көшелері;
6.Қойкелді батыр көшесі;
7.Құрбан ата көшесі;
8.Құрманғазы көшесі;
9.Қайып ата көпірі;
10.Е.Исраилов көшесі;
11.Әмір аға/ Саяжол көшелері;
12.Қ.Сарымолдаев көшесі;
13.Достық көшесі;
14. №12 шағын аудан ішкі кварталы;
15.Жастар көшесі;
16.Ақорда (Шаңырақ шағын ауданы);
17.Набережная көшесі;
18. Абзал көшесі;
19.Далабазар көшесі;
20.Қапал батыр көшесі;
21.Сатыбалдиев көшесі;
22.Асылтас көшесі (Шаңырақ шағын ауданы);
23.Айбота көшесі (Шаңырақ шағын ауданы);
24.№43 орта мектебі (№12 шағын ауданы);
25.Жастар-2 көшесі;
26.Мәделі Қожа көшесі;
27.Қалтаев көшесі;
28.Қазанғап батыр көшесі.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов күре жолдың құрылысын бақылады.
Жалпы Қонаев даңғылының жалғасын салу 2-ші кезеңінің ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Көшенің ені - 42 метр, 6 жолақты.
Қазір мұнда жер төсемін салу жұмыстары атқарылуда. Құрылыстың 35%-ы пайызға аяқталған.
Жыл соңына дейін Түркістан көшесінен теміржолға дейін қамтитын 2-ші кезеңіндегі жолдың бір бөлігін көлік қозғалысына ашу жоспарлануда. М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс қарқынын арттырып, нысанды уақытында қолданысқа беруді бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...