ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР БЕЙНЕЛЕНГЕН ЕРЕКШЕ ОРЫНДЫҚТАР ПАЙДА БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПТАР БЕЙНЕЛЕНГЕН ЕРЕКШЕ ОРЫНДЫҚТАР ПАЙДА БОЛДЫ

Шымкент қалалық орталыктандырылған балалар кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры – 418 046 дананы құраса, оның ішінде балалар әдебиеті – 390 492 дана.
Кітапхана мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, 1-9 сынып оқушыларына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге, жылына жалпы 392 мыңдан астам келушіге қызмет көрсетеді.
Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір – кітапхана. Көне жазбалар мен сирек кітаптар секілді кітапхананың да тарихы өте ескі дәуірлерден бастау алады.Кітапхана – мәртебесі биік киелі шаңырақ.
Биыл Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасына – 45 жыл толып отыр. Кітапхана 1978 жылдың тамыз айында облыстық Мәдениет басқармасы бұйрығының және Мәдениет Министрлігінің 23.12.1977 жылғы хатының негізінде ұйымдастырылған.
Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды. Бұл қызықты, әрі креативті жобаны қолға алған Абай кітапханасына қарасты бөлімшілер.
Аталған кітапханалар жүйесіне қарасты №1, 10 кітапхана ауласында электронды кітаптар сөресі бейнеленген орындықтар қойылды.
Бұл орындықтарда қазақтың ақиық ақын, жазушыларының шығармалары, сондай-ақ әлемдік бестселлер кітаптарының мұқабасы суреттелген.
Бір қызығы әр орындыққа ерекше атау беріліпті. Мәселен, “Оқы. Таны. Талқыла” атты орындыққа Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», «Өліара», «Оң қол», «Ақиқат» атты көркем дүниелері қойылса, «Мәдениеттің мәйегі – кітап» орындығына жазушы Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпан", Ә. Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар, М.Әбдәкімұлының "Сүлеймен қарақшы", С.Көбеевтің " Қалың мал" романдарын QR код арқылы электронды нұсқасын смарттелефон арқылы оқи аласыз.
Жалпы «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24 кітапхана мемлекеттік бюджетке қарайды. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 1 – Абай атындағы қалалық орталық кітапхана, 23 – кітапхана бөлімшелері оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...