ҚАЛА ӘКІМІ МЕГАПОЛИС ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

ҚАЛА ӘКІМІ МЕГАПОЛИС ЭКОНОМИКАСЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында ауылшарушылығы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс салаларын дамытуға бағытталған 8 жоба талқыланды. Инвесторлар аэрозоль баллондарының түрлерін, кір сабын, электротехникалық тауарлар өндіру, қойма логистикалық кешенінің құрылысына қатысты мегаполис экономикасы үшін маңызды жобаларын таныстырды. Отандық инвесторлар жер телімін бөлуге қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.
Инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы айрықша. Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде мегаполисте инвестклимат жақсарып келеді. Бұл бағыттағы кешенді шаралар өз жемісін беруде. Биылғы алғашқы тоқсанда қалаға 84,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,6% құрап отыр.
Жалпы, жыл соңына дейін 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде. Діттелген межеге қол жеткізу үшін түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық әріптестігін нығайтуда тұрақты кездесулер мен ең жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізілуде. Ресми ақпараттарға сүйенсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 26,1 млрд. АҚШ долларына жеткен. Бұл рекордтық көрсеткіш. Қазақстаннан Ресейге экспорт 25%-ға өсіп 8,8 млрд. долларды құрады.
Ал еліміздің мегаполисі Шымкент пен Ресей арасындағы экономикалық байланыс жылдан жылға артуда. Ресей инвесторларымен қалада ірі инвестициялық жобалар іске асып келеді. Мәселен, «Hevel Kazakhstan» ЖШС (Ресей) – инвестициялық құны 6,2 млрд. теңгені құрайтын, қуаттылығы 50 МВт Күн электр станциясының құрылысы жобасын жүзеге асырды. Қазіргі таңда ресейлік «Бона Файд Групп» ЖШС инвестициялық құны 60 млн. теңгені құрайтын, жобалық қуаттылығы жылына 252 мың дана әйелдер фитнес киімдерін өндіретін жобаны бастап кетті. Өндіріс орны 2023 жылы іске қосылады деп күтілуде.
Бизнес өкілдеріне қолдау білдірген М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға инвесторлардың өтініштері бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдау бағытындағы шаралардың заң шеңберінде атқарылуын қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...