Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы соғыс қандай жағдайда тоқтатылатынын айтты

Ильхам Әлиев Таулы Қарабақтағы соғыс қандай жағдайда тоқтатылатынын айтты

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев «Әл-Джазира» телеарнасына берген сұхбатта Таулы Қарабақтағы қақтығысты тоқтату шарттарын атады. Бұл туралы АЗЕРТАДЖ агенттігі хабарлады.

«Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ. Менің талаптарым халықаралық құқық талаптарына толық сай келеді, себебі бүкіл әлем Әзербайжанның аумақтық тұтастығын қолдап отыр. Әлемдегі ешбір мемлекет Таулы Қарабақ Республикасын мойындамаған. Қақтығыс тоқтатылуы үшін олар біздің жерімізден кетуі керек. Сол кезде ғана соғыс тоқтайды», - деді И. Әлиев.

Айта кетейік, Әзербайжан мен Армения арасындағы әскери қақтығыс 27 қыркүйек күні басталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батуми, 2026 жылғы 23 қазан – Орталық Азия елдері мен Грузияның сыртқы істер министрлерінің кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер...