«BALASHYM» ФЕСТИВАЛІ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

«BALASHYM» ФЕСТИВАЛІ МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Шымкентте 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар өнерпаз балғындардың мерекелік тартуымен жалғасты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен өткен «BalaShym» өнер фестиваліне қатысып, жас өнерпаздардың шығармашылығына қолдау білдірді.
Өнер фестивалінде қосымша білім беру ұйымдарының 500-ден астам шәкірті эстрадалық вокал, хореография, қолөнер, сурет салу бағыттары бойынша өзара сынға түсті. Іс-шара үйірмелердің бәсекелестігін арттырып, жас өрендердің шеберлігін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды.
Балалар мерекесіне орайластырылған фестивальде қаладағы театрлар мен мәдениет мекемелерінің өнерпаздары да әннен шашу шашып, мерекенің ажарын аша түсті. Фестиваль Шымкент қалалық зообағында «Қуыршақтар шеруімен» жалғасын тапты.
Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
Мақсаты – балалардың өмір сүруге, сөз бостандығына, білім алу және қорғау құқығы бар екенін еске салу.
Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,7 миллионға жуық бала тұрады, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы. Жалпы халық санындағы кішкентай қазақстандықтардың үлесі қазір 34,1%. Бұл көрсеткіш он жыл бұрын 30,1% болса, 2010 жылы небәрі 29,7% болған.
Халықтың жалпы санындағы балалардың үлесі ең көп Түркістан облысында - 43,3%. Ал ең аз Солтүстік Қазақстан облысында - 24%.
Сонымен қатар, 1 маусым - балаларды қорғау күніне орай, бүгін Шымкент қалалық Еңбекші ауданында заманауи үлгідегі 3 балалар ойын алаңшасы балалардың пайдалануына берілді. Ойын алаңшаларының ашылу салтанаты мерекелік шараға ұласып, түрлі ойындар ұйымдастырылды. Балаларға демеушілер тарапынан сыйлыққа ойыншықтар үлестіріліп, тәтті балмұздақ тарту етілді. Биылғы жылы Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында көп қабатты тұрғын үйлердің 35 үй ауласы абаттандырылып, 25 ойын алаңшасы орнатылады. Ал, алдағы күндері жеке секторлы үйлерде 11 кешенді спорт және ойын алаңшалары тұрғындардың игілігіне тапсырылатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...