ТҮРКІСТАН-ОРДАБАСЫ: МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН-ОРДАБАСЫ: МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының жоспарлы мобильді қоғамдық қабылдауы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Ғани Ахылбекұлының, аудандық мәслихат депутаты Әзіретоспан Сүлейменұлының, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі Береке Ермаханұлының, Қарақұм ауыл округі әкімі апаратының салалық мамандарының қатысуымен Қарақұм ауыл округі Қарақұм ауылында өтті.
Алдын ала әлеуметтік желілерге жарияланған хабарландыру бойынша бірнеше азамат қабылдауға келді, сұрақтардың басым бөлігі абаттандыру, газдандыру және инфрақұрылымға қатысты болды.
Көтерілген мәселелердің оң шешімін табу үшін Қазақстан Республикасының заңы аясында тиісті жұмыстар атқарылатының және басқа да қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарда болатының Ғани Ахылбекұлы түсіндіріп өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...