Биылғы жылыту маусымында бірнеше жылу қазандығы газбен істейді - Алтай Көлгінов

Биылғы жылыту маусымында бірнеше жылу қазандығы газбен істейді - Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтанның әкімі Алтай Көлгінов қаладағы жылу қазандықтары қашан газға көшірілетінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

«Жылу қазандықтарын газға көшіру - күрделі, бірақ қажет жұмыс. Қазандықтар бүкіл қаланы жылытатын болғандықтан, оларды біртіндеп газға көшіру экологиялық ахуалды айтарлықтай жақсартады. Бүгін ЖЭО-2 қазандығын газға көшіру жұмыстарының барысымен таныстым. Газ жеткізу құбырын тарту, газ қорғаныс жүйесінің, қазандықтарға оттықтарды бекіту жұмыстары аяқталыпты. Осы жылу маусымында ЖЭО-1, ЖЭО-2 орталықтарының кейбір қазандықтары газбен жұмыс істейді. Олардың артықшылығы - газбен де, мазутпен де, көмірмен де жұмыс істей береді», - деп жазды әкім Instagram парақшасында.

Бұдан басқа, тұрғын үй алаптарындағы ішкі газ желілерін жүргізу жұмыстары жалғасуда.

«Елорданы газдандыру — Елбасымыздың тарихи жобасы. Мемлекет басшысы да газ жүргізу мәселесін жіті қадағалап отыр» дейді Алтай Көлгінов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Оқу жылының аяқталуына орай, «Халықаралық балаларды қорғау күні» және «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында қаламыздың полиция...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту»...