ТҮРКІСТАН: БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ СЕКТОР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, бөлім басшылары сектор тұрғындарымен кездесу өткізуде.
Арнайы бекітілген кестеге сәйкес, «Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөлімі басшысы Арман Оңалханұлы алты секторды аралап, жыл басынан бері жол саласы бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.
Тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, өтініштерін зерделеді.
Сонымен қатар, қалалық «Жұмыспен қамту» орталығының директоры Ақмарал Пернебекқызы мен «Қамқорлық» жанұя орталығының директоры Жібек Әшірхантегінің қабылдауы ұйымдастырылды.
Қалалық «Жұмыспен қамту» орталығының директоры Ақмарал Пернебекқызы кездесуде жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша түсіндірді.
Жоба аясында 21-35 жас аралығында кәсіп ашуға ниетті тұрғындарға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайыздан аспайтын 5 млн теңгеге дейін несиелер берілуде.
Микронесиенің берілу мерзімі - 5 жылға дейін. Биыл жоба аясында қалада 150 азаматқа несие беру жоспарланған.
Ал, Жібек Маштайқызы "Қамқорлық" жанұя орталығындағы көпбалалы аналар мен жалғызбасты аналарға қарастырылған бағдарламаларға тоқталды.
Одан бөлек, кездесуде сектор тұрғындарының мемлекеттік грант, алғашқы жұмыс орны, қоғамдық жұмыс орнына орналасу бойынша сұрақтарына да тұшымды жауап берілді, деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...