ТӨЛЕБИ: ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСІП, ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

ТӨЛЕБИ: ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСІП, ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕНІҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Аптаның сейсенбі күні, яғни 13 маусым аудан әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдаған болатын. Қабылдауға келген Жіңішке елді мекенінің тұрғыны Кулмира Мұздыбаева ауыз суға тапшылығы бар екенін, оған қатысты халық арасында түсінбеушіліктер орын алғанын жеткізді.
Аталған мәселемен танысып, халықтың ұсыныс-пікіріне құлақ асу мақсатында Төлеген Тұртайұлының тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуесханұлы тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында Жіңішке елді мекені халқының ауыз суға қатысты шағымдарын, орын алған проблеманы шешу үшін ұсыныстарын тыңдады.
Екі сағатқа созылған кездесу барысында тұрғындардың өтінішін ескере келе, елді мекен орталығында орналасқан су қондырғысы арқылы тіршілік нәрін қолданатын тұрғындар суды үнемдеу үшін есептегіш құралын орнатып, тұрақты түрде абоненттік төлем жасауға келісімге келді. Аудан әкімдігі өз тарапынан бұлақ көзін каптаждап, су сүзгісі мен фильтр орнату ісіне ықпал етеді. Ал, бұлақ суын пайдаланушы тұрғындар ауыз су көзі қоршалып, оның сапасы жақсарғаннан кейін есептегіш құралын орнатып, абоненттік төлем жасайды, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...