СОЗАҚ: СЫЗҒАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

СОЗАҚ: СЫЗҒАНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНЫП, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР АШЫҚ АЙТЫЛДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Сызған ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Өткен кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, ағымдағы жылы атқарылар жұмыстарды баяндады.
-Сызған ауыл округі тұрғындарының өтініштеріне орай тиісті жұмыстар жасалуда. Қозмолдақ елді мекенінің Момбеков көшесіне көше жарықтандыруы жүргізіліп, іске қосылды. Төреханов және Берістемұлы көшелері мен Басбұлақ елді мекенінің Басбұлақ-1 және Басбұлақ-2 көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сызған ауылындағы электр желілері мен трансформаторына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ орталықтандырылған ауыз сумен қамту үшін де тиісті жұмыстар атқарылуда,-деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Ашық аспан астында өткен жиында тұрғындар алдыңғы кездесулерде айтылған өтініштерінің аяқсыз қалмай, тиісті жұмыстар жасалып жатқанын айтты. Бұл үшін алғыстарын жеткізіп, ағымдағы жылға бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдады. Ұлы Отан соғысының ардагері Мырзахмет Жылысбаев ақ батасын арнап, аудан басшысының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Аудан басшысы айтылған әрбір мәселені назарға алып, шешу жолдарын талқылап, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Есептік жиын соңында бірқатар тұрғындар жұмыс мәселесі бойынша жүгініп, көкейде жүрген сауалдарын қойды. Сала мамандарына көтерілген мәселелердің шешу жолын қарастырып, тиісті жұмыстарды атқаруды тапсырды, деп хабарлайды Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...