САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ АЛАҢДАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев кезекті жеке қабылдауды аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан әкімінің жеке қабылдауына алдын ала жазылған 13 тұрғынның өтініштері қаралды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдауға келген тұрғындар: тұрғын үй кезегі, қаланың тазалығы, жарықтандыру,жер және жеке мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев қабылдауға келген әрбір тұрғынның жеке мәселелерін мұқият тыңдап, заңдылыққа сәйкес жауап беріп,алаңдатқан мәселелер бойынша тиісті бөлім басшыларына және қала мен ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Жаңа өнімді нарыққа шығару кәсіпкер үшін әрдайым белгілі бір тәуекелмен байланысты. Идея қызықты болғанымен, тұтынушының оған қалай қарайтынын алдын ала толық...