КЕЛЕС: ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

КЕЛЕС: ЖӘНІБЕК АҒЫБАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар негізінен жұмысқа орналасу, жер, тұрғын үй және өзге де мәселелер бойынша жүгінді. Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заңдылығына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді. Осы тұрғындардың мәселесін қадағалап, байланыс жасап отыруды жауапты бөлім басшыларына тапсырды.
Қабылдауға Қошқатара ауылдық округінің бір топ тұрғындары келіп, спорт алаңы қажеттігін айтты. Аудан басшысы алдымен өзекті деген мәселелерді шешу үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарды түсіндіріп өтті. Қажеттілікке сай, жоспар аясында тұрғындар сұранысы қанағаттандырылатынын жеткізді. Ерекше балаларды қолдау мақсатында оңалту орталығын салу үшін жер сұрап келген тұрғынның өтінішіне байланысты тиімді шешім қабылдау үшін жан-жақты жұмыс жасап, ұсыныстар әзірлеуді сала басшыларына жүктеді.
Жеке қабылдау қорытындысымен аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әр мәселе бойынша салалық орынбасарлары мен тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеп, мәселелерді басты назарда ұстауды тапсырды, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...