ЖЕТІСАЙ: АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖЕТІСАЙ: АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Биылғы жылы Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс ауылдарының ауыз су жүйелерін салуға 1 млрд теңге, Мырзашөл, Атақоныс, Әбдіхалық елді мекендерінің газ құбырлары құрылысына 181,7 млн теңге, Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салуға 451,4 млн теңге, Жаңа ауыл, Ынтымақ, Атаконыс еелді мекендеріндегі жаңа құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін салу мен КТП орнатуға 499,4 млн теңге қаражат қаралған.
Осы және өзге де өзекті мәселелер мен олардың шешілу жолдары аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың Жаңа ауыл ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды.
Сондай-ақ, аудан әкімінің тапсырмасымен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін арық-атыздар қазу жұмыстарына 5,2 млн теңге, Мырзашөл елді мекеніндегі мәдениет үйі мен спорт алаңшасын күрделі жөндеу үшін жобалау сметалық құжаттарын әзірлеуге 7 млн теңге, Атақоныс елді мекеніндегі мәдениет үйін күрделі жөндеу үшін жобалау сметалық құжаттарын әзірлеуге 7,6 млн теңге, Әбдіхалық елді мекеніндегі спорт алаңшасын орнатуды бастауға 20 млн теңге, Ынтымақ елді мекеніндегі Алакөл, Баян сулу, Достық көшелерінің ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарына 4,3 млн теңге бөлінген.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы өткен кездесуде округ тұрғындары тарапынан көтерілген Мырзашөл ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету, Жаңа ауыл ауылындағы ауыз су құбырын қалпына келтіру, Мырзашөл, Ынтымақ елді мекендеріндегі тік дренаждарды іске қосу, Бейбарыс көшесін жарықтандыру, Көрікті, Қалтұрсын қажы көшелерінің қиылысындағы су басатын жерлерді ретке келтіру, Атақоныс, Жаңа ауыл ауылдарындағы, Гагарин-Жетісай бағытындағы А-15 тас жолын орта жөндеуден өткізу секілді мәселелермен қатар Мырзашөл ауылынан жаңа мектеп ғимаратын салу, Т.Рысқұлов жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат және спорт зал салу, Қарой ауылынан фельдшерлік акушерлік пункт салу, Мырзашөл ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу бойынша айтылған өтініштердің орындалуына тоқталды.
Тұрғындармен өткен кездесуден соң аудан басшысы жеке мәселелерімен келгендерді қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Өтініштері мен ұсыныстарын бірге талқылады, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев пен Түрікменстан Министрлер кабинеті...

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...