АУДАН ӘКІМІ Е.ШӘРІПБЕКОВ БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ Е.ШӘРІПБЕКОВ БОРАЛДАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков О.Тайманов елді мекенінде Боралдай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Еркін түрде ұйымдастырылған кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Округке қарасты 11 елді мекеннің тұрғындары өздерінің толғандырып жүрген сауалдарын жолдады.
Атап айтқанда ауыз су, электр жарығы, мектептің жылуы, беккери шұңқырын талапқа сай реттеу және басқа да әлеуметтік сұрақтар қамтылды.
Әрбір тұрғынның қойған сұрақтарына жеке-жеке жауап берген аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар Боралдай ауылдық округінде жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстардың барысымен бөлісті. Келесі аптадан бастап Ж.Боралдай және О.Тайманов елді мекендерінің ішкі газ құбырының құрылысы басталады. Теректі-Қаратас елді мекеніне баратын автомобиль жолға асфальт төселуде.
Жалпы аудан әкімі тұрғындармен кездесу барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, оған арнайы хаттама түзіліп, әр мәселені шешу бойынша жұмыстар атқарылатынын атап өтті, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...

В Шымкенте усилена работа по пресечению незаконной рекламы кальянной продукции в социальных сетях и на интернет-ресурсах.В соответствии со статьёй...