БӘЙДІБЕК: «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ӨРКЕНДЕУ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ» АТТЫ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: «ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ӨРКЕНДЕУ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ» АТТЫ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен бүгін аудандық мәдениет үйінде "Экономикалық қауіпсіздік: Өркендеу мен тұрақтылық кепілі» атты акциясы аясында аудан тұрғындарымен жиын өтті.
Жиынға арнайы қатысқан Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті І Жедел басқармасының жедел уәкілі Мұхамедәли Нысанбек қатысып, облыс аумағына қарасты шалғай жатқан ауылдарда экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауатты құқықтық кеңес беру, қарапайым халықтың қаржылық қауіпсіздігін және сауаттылығын арттыру, қаржылық пирамидалардың алдын алу бойынша хабарлама жасады. Хабарламасында Мұхамедәли Ақанұлы елімізде орын алып отырған алаяқтық мәселесіне кеңінен тоқталып, қаржылық пирамида түрлерінің алдын алу, алданып қалмау бойынша ақпараттармен бөлісті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту орталығы басшысының міндетін уақытша атқарушы Асылжан Нұрланұлы, Түркістан облыстық кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының директоры Сылқынбек Спабеков, «Халық банк» АҚ-ның аудандық филиалының аға менеджері Айман Сәрсентаеваның хабарламалары тыңдалды.
Жиында аудандық «Алғабас» газетінің бас редакторы Абзал Әділбеков, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Нағима Қырықбаева сөз сөйлеп, еліміздегі ең қарқын алып тұрған қылмыстардың ішіндегі қаржылық алаяқтық мәселесі жөнінде мысалдармен келтіріп, пікірлерін білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков төрағалық еткен жиынға аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері мен мәслихат депутаттары, зиялық қауым өкілдері мен ардагерлер кеңесінің төрағалары, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, мұғалімдер, жастар, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында инфрақұрылымдық дамуда маңызы зор...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың теміржол инфрақұрылымдарын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынған маңызды жоба – Орал теміржол...

Содан кейін Президент ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына егжей-тегжейлі тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев ең әуелі еуропалық серіктестерге...